02 қазан күні Қайнар университетінде Қазақ психологиялық қоғамының I Пленарлық мәжілісі өтті. Мәжілісті Қоғамның Президенті профессор М.Перленбетов ашты. Қоғамның міндеттері мен мақсаты, қазіргі мәселелері жайлы педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаев баяндама жасады.
Мәжілісте Қоғамның аймақтық жетекшілері сайланып, секция (психология салалары бойынша) жетекшілері тағайындалды. Пленумға әртүрлі аймақтардан- Шымкенттен пс.ғ.д., проф. М.С.Искакова, Семейден пс.ғ.к., проф. Ш.С.Сатиева, Астанадан проф. А. Көшербаева ж.т.б. келді. Сонымен қатар Алматы қаласының жетекші ЖОО орындарынан психология кафедраларының меңгерушілері қатысты. әл- Фараби атындағы ҚҰУ-пс.ғ.к.,доцент Э.Қалымбетова, Абай атындағы ҚҰПУ-пс.ғ.к. доцент-Ұ.Нұрғалиева, Қыздар МУ-нен-пс.ғ.д.,проф.Х.Т.Шерьязданова өз кафедралары атынан Қазақ психологиялық қоғамының өркендеуіне ат салысатынын жеткізді. Пс.ғ.д., проф. О.Санғылбаев терминологиялық, пс.ғ.д.,проф.А.Акажанова девиантология секцияларының жетекшілері болып сайланды. Мәжілістің маңыздылығын белгілі ғалымдар: пс.ғ.д.,профессорлар Ж.Ы.Намазбаева, С.Қ. Бердібаева, Н.Қ.Тоқсанбаева және пс.ғ.к.,доцент Ж.Сейітнұр ерекше атап өтті. Мәжіліс шешімі БАҚ- жарық көріп, мемлекеттік органдарға жеткізілді және алдағы болатын Қоғамның I съезіне дайындық болып саналады.
1 Пленум Казахского психологического общества состоялся 02 октября 2015 года
Дата проведения мероприятя: