Уважаемые ученые и коллеги психологи, педагог-психологи!
21 апреля 2017 года Казахское психологическое общество провел свой очередной, объединенный III Пленум.
На повестке дня:
- О роли концепции Н.Назарбаева «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» в развитии казахской психологической науки (проф. К.Жарикбаев).
- О подготовке к проведению I-го учредительного съезда Казахского психологического общества и о внесении некоторых изменений в Устав Общества (проф. М.Перленбетов).
- Отчет руководителей региональных филиалов общества (Сатиева Ш.С., Тойшыбекова М., Миралиева А.Ж., Сматова К.Б.).
- Открытие филиала Общества по Алматинской области и обсуждение план работы. (Еликулова М.)
- Актуальные вопросы и тенденции развития современной психологической науки в РК. (проф. О.Сангилбаев).
- Разное.
Место проведения Пленума: г. Алматы, Академия Кайнар, 15.00-17.00 часов.
Құрметті психолог, педагог-психолог ғалымдар және әріптестер!
2017 жылдың 21 сәуірінде Қазақ психологиялық қоғамы өзінің кезекті, бірлескен III Пленумын өткізді.
Күн тәртібінде:
- Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» концепциясы — қазақ психологиясының бағдаршамы. (проф. Қ.Жарықбаев).
- Қазақ психологиялық қоғамының I-ші құрылтай съезін өткізуге дайындық және қоғам Жарғысына жекелеген өзгерістер енгізу туралы. (проф. М.Перленбетов).
3.Аймақтық қоғам филиалдары жетекшілерінің есебі (Сатиева Ш.С., Тойшыбекова М., Миралиева А.Ж., Сматова К.Б.)
- Қазақ психологиялық қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының ашылуы және алдағы жұмыс жоспарын талқылау. (Еликулова М.)
- ҚР қазіргі психология ғылымының өзекті мәселелері және даму тенденциялары (проф. О.Саңғылбаев).
- Әртүрлі мәселелер.
Пленум өтетін мекен жай: Алматы қ., Қайнар Академиясы, сағат 15.00-17.00.
Алматы газетіндегі мақала
«Рухани жаңғырудағы ұлы дала жан ілімінің ролі»
Жақында Қазақ психологиялық қоғамы Республикалық қоғамдық бірлестігі өзінің кезекті, бірлескен III Пленарлық мәжілісін өткізді. Бұл мәжілістің мақсаты ел Президенті Н.Назарбаевтың Егемен Қазақстан газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын (12.04.2017.) талқылау және оның психологиялық маңыздылығын ашу.
Алғашқы болып сөз алған осы Қоғамның құрылуына ұйытқы болған, Қазақ ұлттық ғылым Академиясының Құрметті академигі, психология және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаев Президентіміздің жаңа еңбегінің методологиялық астары аса терең екендігіне тоқталды. Мұнда халқымыздың жарқын болашағы, бақытты өмір сүру, жан дүниесінің кемелдене, рухани жаңғыруы арнайы сөз болып отыр, деді.
Өзінің мазмұны жағынан мұндағы көтерілген мәселелер ұлы жерлесіміз, Шығыс Аристотелі атанған Әбу Нәсір әл –Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары» туралы трактатында көтерілген адами мәселелермен тоқайласып жа
тыр. Сана — жан қуаттарының, психикалық құбылыстардың жиынтық атауы және психология ғылымының негізгі категориясы.
Аталмыш еңбекте тас түйіндей өрнектелген осынау түйін-тұжырымдардың бәрі тұнып тұрған психологиялық, нақтылап айтсақ оның басты саласы — этнопсихологияның қадау-қадау қызықты мәселелері дер едік.
Президент осы еңбегінде рухани жаңғыруда қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың ішінде психология ғылымының маңыздылығын көрсеткен.
Осыған орай, Пленумда еліміздегі психология ғылымының қазіргі жай-жапсары, күнгей мен көлеңкесі жан жақты талқыланды.
Күнгей жақтарында психология мамандығының ашылғаны, Қазақ психологиялық қоғамының құрылғаны, әртүрлі салалардан қазақша оқулықтар, оқу құралдары шыққаны ж.т.б. жетістіктер айтылды.
Дегенмен, бізде психология саласында әлі де болса шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар екендігіне баса көңіл бөлінді. Олардың бастылары: -жалпы білім беретін орта мектептерде психология пәнінің оқытылмауы; -жоғарғы оқу орындарындағы психология кафедраларының қысқартылуы; — психология мамандығы бойынша мемлекеттік гранттардың аз бөлінуі; -студенттерге оқытылатын психологиялық курстардың сағат санының күрт азаюы, олардың 15 сағат көлемінде ғана жүргізілуі; -осы кезге дейін ТМД елдерінде бар психология ғылыми зерттеу институтының болмауы; -мектептегі психологтардың қызметтік жүктемесінің өскенімен, жалақысының азайып G9 категориясынан G10-ке ауыстырылуы себебінен білікті мамандардың басқа қызметке жаппай кетуі т.б. т.с.с.
Пленумның күн тәртібінде Қоғамның I-ші құрылтай съезін өткізу туралы мәселе қаралып, оның дайындық жұмысын жүргізетін топ құрылды.
Осы Пленумға Қоғамның аймақтық филиалдарының директорлары (Сматова К.Б.-Тараз қаласы, Еликулова М.-Алматы облысы), қоғамды құрған тұлғалар, профессорлар: Саңғылбаев.О., Акажанова А.,Асылханова, Мұсабеков О.,Башарұлы Р. және Алматы қаласы жоғарғы оқу орындарының психология, педагогика және психология кафедраларының меңгерушілері мен оқытушылары қатысты.
ЮНЕСКО клубтарының вице-президенті Ғ.Бейсембаев психология ғылымы мен практикасының өзекті мәселелеріне тоқталды. Қоғам филиалдарын жұмысын барынша тиімді оңтайластыру үшін әр облыстың Білім беру департаменттерінде қызмет ететін, сол жердің психологиялық жұмысын үйлестіруші мамандармен байланыс орнатып, филиал директорларын солардың ішінен қою керек, деді. Сонымен қатар Қазақстанда Психология ғылым Академиясын және ғылыми зерттеу институтын ашу керек деген ұсыныс жасады.
Содан кейін сөз алған психология ғылымдарының докторы, профессор О.Саңғылбаев академиялық психология және психологияның қолданбалы салаларына талдау жасады. Қазақ тілі латын әріпіне көшсе психология ғылымы да көштен қалмай жаңғыруға дайын екенін атап көрсетті.
Пленум делегаттары алдағы жерде Президентіміздің рухани жаңғыру туралы концепциясын жүзеге асыруға орай, жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуге жол ашылып, Ұлы дала жан ілімінің жаңа деңгейге көтерілетіне сенімінің мол екенін жеткізді.
Мұқан Перленбетов — Қазақ психологиялық қоғамының Президенті, психология ғылымдарының докторы, профессор.