Қазақ психологиясының қазалы күндері

Құрметті зиялы қауым. Қазақстан психология ғылымы ауыр қазаға тап болды. Өткен аптада (27.09.2025) психология ғылымдарының докторы, профессор Ерментаева Ардақ Ризабекқызы, ал осы дүйсенбі күні (29.09.2025) психология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА Құрметті академигі Намазбаева Жамиля Ыдрысқызы бұл дүниеден шын дүниеге жол тартты. Көптеген жылдар жанымызда жүрген, көз көрген әріптестердің бір мезетте қайтыс болғаны бәрімізге, шәкірттеріне, тума туыс бауырларына қатты соққы болды. Әсіресе Қазақстандық психология ғылымы екі ғылыми, адами саңлағынан, қазақтың батыр қыздарынан айырылды. Кеңестік ілгері психологиялық мектептерде шыңдалған қыздар еліне келіп өзінің ғылыми мектептерін қалыптастырып психология ғылымының дамуына ерекше серпін берген ТҰЛҒАЛАР.
Бұл ғалымдардың мұрасы педагогикалық, психологиялық тұрғыдан маңызды бола келе, жалпы ұлттық және әлемдік деңгейде қазақ психологиясының алтын қазынасы екені рас.
Бүткіл қазақ еліне, туған туыстарына, шәкірттеріне қайғырып көңіл айтамыз.
«Қазақ психологиялық қоғамының» Президенті, пс.ғ.д., профессор Мұқан Перленбетов